
⚖️ Алматы облысының заң кеңесшілерінің кезекті Жалпы жиналысы өтті!
Алматы облысының заң кеңесшілерінің кезекті Жалпы жиналысы офлайн және онлайн түрде өтті.
Жалпы жиналысқа Бас палатаның Басқару органдары, Заң кеңесшілері, Алматы облысы әкімдігінің заң бөлімінің өкілі және Қонаев университетінің аға оқытушысы қатысты.
Жалпы жиналысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.Палатаның атқарушы басқару органының 2024-2025 жылғы кезеңдегі есебін (қаржылық есептілікті) бекіту туралы;
2.Тәжірибе мен ұсыныстарды жалпылау, жетілдіру және заң көмегін әрі қарай дамыту мәселелерін қарау;
3.Алқалы басқару органының, ревизиялық комиссиясының және Палатаның мамандандырылған органдарының 2024-2025 жылғы кезеңдегі есебін бекіту туралы;
4.Палата жанынан Оқу орталығын ашу және ол туралы Ережені бекіту туралы;
5.Палатаның басқару органдарының құрамына өзгерістер енгізу;
6.Бас палатаның атаулы туы мен төс белгісін бекіту; Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша белсенді заң кеңесшілерін марапаттау.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қаралып, бекітілді.
